Қоғам

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

© Photo : otyrar.kzБиылғы пітір садақа мөлшері бекітілді
Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төралқа мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. 

Әзірет Сұлтан мешітінің наиб имамы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әзірет Сұлтанның" наиб имамы Оразаға дейін жасалуы тиіс 5 амалды атады

Пітір садақаны бидайдан бөлек, құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.

Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.

Биыл Рамазан айы мамырдың 16-сы басталып, 14 маусымда аяқталады. Маусымның 10-нан 11-не қараған түн — қасиетті Қадір түні.

 

 

Жаңалықтар
0