Спорт

"Канелоның" командасы Геннадий Головкинді сотқа берді

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, олар Невада штатының Атлетикалық комиссиясын да сотқа берген

АСТАНА, 1 мамыр — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) адвокаты Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) сотқа берді, деп жазады Sports.kz.

Олар қазақстандық боксшыны ақпан айында "Канелодан" допингтің табылуына байланысты айтқан сөздері үшін, яғни шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратты деп айыптап отыр.

Еске сала кетейік, Головкин ол кезде Альваресті допингті білместіктен емес, әдейі қолданды деп кінәлап, оны "алаяқ" деген болатын. ESPN журналисі Сальвадор Родригестің айтуынша, Геннадий өзі де сот процесіне қатысуға мәжбүр болады.

Сондай-ақ, "Канелоның" командасы боксшыны алты айға спорттан шеттеткен Невада штатының Атлетикалық комиссиясын да сотқа беріп отыр.

 

Жаңалықтар
0