Қоғам

Бүгін - Қазақстан халқының бірлігі күні

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚазақстан халының бірлігі күні
Қазақстан халының бірлігі күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері бірлік пен татулық мейрамын атап өтеді

АСТАНА, 1 мамыр  — Sputnik. Бүгін елімізде бірінші мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні тойланады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

1 мамыр 1995 жылдың 18 қазанында президенттің жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.

Бұл бейбітшілік пен келісім, бірлік пен ынтымақ секілді құндылықтар дәріптелетін мереке. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап бірлігі бекем ел болуға үндеп келеді. 

"Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық", — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Мереке қарсаңында Астанада Ассамблеяның кезекті сессиясы өтіп, бұл жолғы  жиын "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" деген тақырыпқа арналды. 

Бірінші мамыр — мемлекеттік мереке, сондықтан бүгін демалыс. Мейрамға орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп, қазақстандықтар бірлік пен ынтымақ күнін кең көлемде тойлайды. 


Жаңалықтар
0