Әлем

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартатын бес құпияны ашты

CC0 / / Тамақ, диета
Тамақ, диета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар "ұзақ өмір сүрудің басты құпиясы – салауатты өмір салтын ұстану" дейді

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Темекі мен алкогольден бас тарту, диета, аз салмақ пен күн сайынғы жаттығулар адам өмірін орташа есеппен 10 жылға ұзартады. Гарвард университетінің дәрігер-ғалымдары осылай деп сендіріп отыр.  Ғалымдардың зерттеуі Circulation журналында жарияланған.

шоколад - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай шоколадтың денсаулыққа пайдалы екенін айтты

"Біздің зерттеуіміз "салауатты өмір салты – өмірді ұзартудың басты тәсілі болып қала беретінін" көрсетіп отыр. Өкінішке қарай, бүгінде ешкім осы қарапайым ережені сақтамайды. Саясаткерлер мен шенеуніктер халық арасында зиянды әдеттерден арылу, дұрыс диета мен жаттығуды насихаттау үшін бар күш-жігерін жұмсауы керек",- деп атап өтті Гарвард университетінің маманы Фрэнк Ху.

Ғалым және оның әріптестері дұрыс тамақтану мен спорттың тұқым қуалайтын аурумен ауырмайтын орта жастағы адамның өмір ұзақтығына қалай әсер етенін анықтап көрді, деп жазады life.ru.

Ол үшін 30 жыл бойы 40 мың медбике мен дәрігердің денсаулығын бақылау барысында жиналған мәліметтерге талдау жасалынды. Анықталғандай, адам семіздік пен зиянды әдеттердің кесірінен шамамен 12-14 жыл өмірін жоғалтады екен. Ал қарпайым бес ережені сақтаған ерлер мен әйелдер 87 және 93 жасқа дейін өмір сүрген. Сонымен қатар оларда қатерлі ісік пен жүрек ауруымен ауыру қатері де төмендеген. Ал қалған қатысушылар 75-79 жасында қайтыс болған.


Жаңалықтар
0