Әлем

Қырғызстанда қала мен аудан тұрғындары эвакуациялануы мүмкін

© Photo : Пресс-служба МЧС КРЛай көшкіні, архивтегі фото
Лай көшкіні, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лай көшкініне байланысты Джалал-Абад қаласы мен Созақ ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Нұрболат Мирзахмедов Созақ ауданындағы көшкін жүрген жерге келді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан. 

Талғар ауданындағы көшкін - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматы облысы Талғар ауданында көшкін жүрді

29 сәуір күні Сары-Бұлақ ауылының маңында көлемі 1,5 милион текше метр лай көшкіні жүрді. 48 мың текше метр тас-топырақ Көк-Арат өзенінің арнасын жауып тастаған. Іргелес аумақтарды су басу қатері туды. Джалал-Абад қаласы мен Созақ ауданында ТЖ режимі енгізілді. 

Оқиға орнына келген министр тәулік бойы бақылау жүргізіп, қажет болса Джалал-Абақ пен Созақ ауданының тұрғындарын эвакуациялауды тапсырды. 

"Көшкін орнында жиналып қалған су өз бағытымен ағып жатыр, жағдай тұрақты. Оқиға орнында штаб құрылды, мамандар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Азаматтық қорғау қызметінің күштері мен техникалары төтенше жағдайға дайын", — делінген хабарламада. 

Құтқарушылар табиғи апат аумағын ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратымен бақылап жүр.


Жаңалықтар
0