АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Ауғанстан астанасы Кабулде бүгін таңертең екі жарылыс болып, салдарынан 21 адам қаза тапты. Жараланғандар саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін елдің денсаулық сақтау министрлігі жеті адамның көз жұмып, 20-сы зардап шеккенін мәлімдеген еді.
Екі жарылыс та бүгін таңертең болды. БАҚ-тың ақпаратынша, біріншісінде жанкешті террорист мотоциклде өзін-өзі жарып жіберген.
Пажвак агенттігі хабарлағандай, екінші жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында TOLOnews, 1TV және Al Jazeera телеарналары мен басқа да БАҚ-тың журналистері бар. Франс Пресс агенттігі фотограф Ша Мараидің қаза тапқанын хабарлады.