Спорт

Бұрынғы әлем чемпионы: GGG өз заманының Майк Тайсоны болды, бірақ...

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экс-чемпион қазақстандық боксшыдан жұрт баяғыдай қорықпайтынын мәлімдеді

АСТАНА, 30 сәуір – Sputnik. Бірінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Корнелиус Бандрейдж қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жайлы пікірін білдірді, деп жазды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Әлем чемпионы Головкин – Мартиросян жекпе-жегіне болжам жасады

"GGG-ді жақсы көремін, бірақ оның бокстағы дәурені аяқталып келе жатыр. Адамдар онымен жұдырықтасуға қорқатын кездер болды. Ол өз заманының Майк Тайсоны бола білді, бірақ қазір олай емес", — деп жазды Бандрейдж твиттерде.

36 жастағы Головкин орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын иеленіп отыр. Геннадий келесі жекпе-жегін 5 мамырда Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) болады.  


Жаңалықтар
0