Спорт

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласын нокаутқа түсірді – видео

© AP Photo Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төреші жекпе-жекті үшінші раундта тоқтатуға мәжбүр болды, америкалық карьерасында алғаш рет техникалық нокаутпен ұтылды

АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Кидті нокаутпен жеңді, деп жазды Sports.kz.

Рио Олимпиадасының чемпионы айқын фаворит ретінде аталғанымен оның алғашқы жекпе-жегінен айтарлықтай қауіп болған еді. Дегенмен Данияр оны еш қиындықсыз аяқтай білді. Қарсыласы барынша қарсылық көрсетіп, жекпе-жекті үшінші раундқа дейін созды. Алайда осы раундта нокдаунға түсіп, аяғынан қайта тұрды. Елеусінов оны қайта соққының астына алғанда төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша америкалық карьерасында алғаш рет техникалық нокаутпен ұтылды.  

Данияр Елеусунов — Ноа Кидд жекпе-жегінің шешуші сәтінің видеосын назарларыңызға ұсынамыз.  

Жаңалықтар
0