Қоғам

Ғалымдар қол алысудың жеке өмірге қалай әсер ететінін анықтады

© AP Photo / Philippe WojazerҚол алысу
Қол алысу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер қолды қатты қысатын ер адамдарды мықты әрі дені сау деп қабылдайды

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. АҚШ-тағы Колумбия университетінің ғалымдары қолды қатты қысатын ер адамдардың әйелдерге көбірек ұнайтынын анықтады.

шоколад - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай шоколадтың денсаулыққа пайдалы екенін айтты

Белгілі болғандай, әйелдердің дені болашақ жар ретінде қолды қатты қысатын ер адамдарды таңдайды екен. Себебі сол арқылы нәзік жандар қарсы алдындағы ер адамды мықты әрі дені сау деп қабылдайды, деп жазады life.ru

Зерттеу кезінде қолды қатты қыспайтын ер адамдардың көбісі некелеспеген болып шықты. Зерттеуге 1923 және 1948 жылдар арасында туған бес мың адам қатысты. 

Айта кетсек, бұл қол алысуға қатысты жүргізіліп отырған алғашқы зерттеу емес. Бұған дейін ғалымдар қолды қатты қысатын адамдар есейгенде ақыл-ойы мен есте сақтау қабілетінің жоғары болуымен ерекшеленетінін анықтаған еді.

Жаңалықтар
0