Саясат

ҚР СІМ: Қазақстан қос Корея елі арасындағы саммиттің нәтижесін қолдайды

© AP Photo / Korea Summit Press PoolКорея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын
Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. ҚР СІМ Корея Республикасы мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы саммитінің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған.

Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қос Корея басшылары шекара сызығында кездесті

"Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин мен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды", — делінген мәлімдемеде.

СІМ хабарлауынша, Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайды диалог пен келіссөздер арқылы реттеу процессін қолдайды және саяси-дипломатиялық шешім күрделі халықаралық мәселелерді қарастырудағы жалғыз дұрыс амал болып табылатындығына сенеді.

Мәлімдемеде аталып өткендей, Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде "Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуі және бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын" құптайды және Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды.

Жаңалықтар
0