Әлем

Ким Чен Ынның қарындасы: екі Кореяны қосуды тездету керек

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуОңтүстік Корея
Оңтүстік Корея - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қос Корея президенттері Корей түбегінде бейбітшілік орнатуды сөз етті

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің арасындағы саммиттің алғашқы отырысы аяқталып, тараптар үзіліске шықты, деп хабарлады Хабар 24. 

Келіссөздің бірінші кезеңінде Ким Чен Ын Оңтүстік Корея басшысына енді зымыран атып, мазасын алмайтынын айтты.

Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қос Корея басшылары шекара сызығында кездесті

Тараптар мұндай кездесуді жиі өткізудің қажеттігін айтып, Корей түбегінде бейбітшілік орнатуды сөз етті. Сонымен қатар Солтүстік Корея басшысы Сеулге, ал Мун Чжэ Ин бауырлас елдегі Пэктусан тауына баруға ниетті екенін жеткізді. Ал келіссөзге қатысып жатқан Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон екі Кореяның қосылуын тездетуді ұсынды. 

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Ким Чен Ынға екі елдің теміржол байланысын түйістіру жөнінде ұсыныс айтты. Журналистерге арналған брифинг кезінде Корей Республикасы президентінің аға баспасөз хатшысы Юн Ён Чхан тараптар келіссөзі барысында осы мәселе көтерілгенін тілге тиек етіп, президент Мун мұндай байланыс екі елдің экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосатыны сөзсіз деп айтты. Бұл әңгіме бұрын да өрбіген. "Тіпті Транссібір арқылы Еуропаға тасымал жасауды да қарастырады", – деді. 


Жаңалықтар
0