Оқиға

Қостанайда ағасы қарындасының басын кесіп алды

© Sputnik / Murad OrujovПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмыстық жанжал кезінде ағасы немере қарындасын аяусыз өлтірген

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Қостанай облысы Славенка ауылындағы жантүршігерлік қылмыс бойынша іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды "Алау" жергілікті басылымы.

Қыз жылап тұр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Туған әкесін пышақтап өлтірген қызға үкім шықты

Қылмыс 2017 жылдың 24 желтоқсанында болған. Бір отбасы мүшелері бірігіп ішімдік ішіп отырып, артынша жанжал туындаған екен.

Сот мәліметі бойынша, 29 жастағы айыпталушы, оның әкесі мен келген қонақ үйде ішімдік ішіп отырады. Кейін оларға сол үйде уақытша тұрып жатқан сотталушының немере қарындасы қосылған. 

"Сотталушы мен қарындасы ұрысысып қалып, ер адам әйелдің кеудесіне алты рет пышақ салған. Әрі қарай бауыздап, басын кесіп алған", — делінген сот хабарламасында.

Іс бойынша бастапқы тыңдау күні әлі белгіленген жоқ.

Жаңалықтар
0