Қоғам

Астанада оқудан шығарылған 117 студенттің ісі: сертификат сатқандар анықталды

© Sputnik / Медиабанкке өтуМедициналық университет
Медициналық университет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медицина университетінде 117 студент ағылшын тілі бойынша жалған сертификатты пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған болатын

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Астана ІІД қызметкерлері медицина университетінің студенттеріне жалған IELTS сертификаттарын сатқан күдіктілерді тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Студенттер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жалған сертификат үшін 117 студент оқудан шығарылды

"IELTS" халықаралық сертификаттарын қолдан жасау фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Екі күдікті анықталды, қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде", — деп мәлімдеді елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

Еске салып өтсек, елордадағы "Астана" медицина университетінің 117 студенті магистратураға түскен кезде жалған IELTS сертификатын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылған болатын. Кейінірек студенттер IELTS сертификатын оларға бір әйел бергенін айтып, алаяқтардың құрбаны болғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0