Өңірлер

Алматы-Дели ұшағында үнді азаматтары шу шығарған

© PhotoҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жолаушылар ұшаққа мас күйінде кіріп, өздерін дөрекі ұстаған көрінеді

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Полиция қызметкерлері Алматы – Дели рейсінен екі Үндістан азаматын шығарып алды, деп хабарлайды көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео - Sputnik Қазақстан
Видео
Ұшақта үш жолаушы төбелесіп қалды - видео

Ұшақта тәртіп бұзушылар туралы "Эйр Астана" өкілі Алматы әуежайындағы ішкі істер бөліміне хабарлапты.

Анықталғандай, 42 жастағы екі Үндістан азаматы мас күйінде ұшаққа мініп, өздерін дөрекі ұстаған, балағат сөздер айтып, ескертулерді құлақтарына да ілмеген.

Әуежайға жеткен көліктегі полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тәртіп бұзушыларды ұшақтан түсіріп алды.

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, қос азамат жеңіл дәрежеде мас болған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 АЕК (12 025 теңге) айыппұл салынды.


Жаңалықтар
0