Қоғам

Бизнесмендер ауыл оқушыларын үздік университеттерге түсуге даярлайды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТүлектер
Түлектер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айдын Рақымбаев әріптестерін жоғары білім алуға мүмкіндігі жоқ ауыл жастарына көмектесуге шақырды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Айдын Рақымбаев ауыл жастарына арналған жаңа білім бағдарламасы құрылғаны туралы хабарлады.

Студенттер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Биыл елімізде қанша білім гранты бөлінгені белгілі болды

Рақымбаев ауылдық елді мекендерден шыққан әріптестерін осы жобаға атсалысуға шақырады.

Бизнесменнің пікірінше, жақсы мұғалімдер тапшылығы мен білім орталықтарынан қашықтығы салдарынан ауыл мектептерінде білім деңгейі төмен.

"Соның салдарынан ауыл түлектерінің басым көпшілігі ҰБТ тапсырудан қорқып, колледждерге барады, жоғары білім алмай, тіпті ауылда қалып қояды. Мемлекеттік бағдарламалар қолдау көрсетіп отырса да, жақсы ЖОО-на түсу мүмкіндігі төмен. Мемлекеттік гранттар бөлініп жатыр, бірақ еліміз бойынша ауыл түлектерінің ҚР үздік ЖОО-дарына грантқа түсу үлесі небәрі 1,5%, Назарбаев Университетінде – 0 %, "Болашақ" бағдарламасы бойынша — 1-2%", — деп жазды Рақымбаев жеке парақшасында.

Бизнесмен IQanat бағдарламасы аясында математика, физика, ағылшын тілі және басқа да пәндерден олимпиада өткізуді ұсынады. Әр тоқсанда тоғызыншы сынып оқушылары арасында олимпиадалар өткізіліп, қорытындысы бойынша жеңімпаздар іріктеледі.

"Финалистерді 10-11 сынып бойы Қазақстанның және шетелдің үздік ЖОО-дарына түсуге даярлаймыз. Айтпақшы, біз тегін грант бойынша шетелдік ЖОО-дарымен келісім жасасып жатырмыз", — деп ойын жалғастырды Рақымбаев.

Оның айтуынша, бағдарламаның әдістемесі сегіз ай бойы әзірленген. Былтыр қыркүйек айында Рақымбаев Шығыс Қазақстан облысындағы шекараға жақын алты ауданмен жұмыс істей бастады. Қазір өңірде төртінші олимпиада өз мәресіне жетіп қалған екен. Финалистер екі айдан соң Астанаға келіп, ЖОО-дарына барады.

Жаңалықтар
0