Өңірлер

Операциядан кейін сәбидің шетінеуі: Алматыдағы емханада тексеру жүргізіліп жатыр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің комиссиясы сәрсенбі күні күндіз тексеруге кірісті

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. "Достар Мед" емханасында сәбидің шетінеуі бойынша арнайы комиссия тексеруді бастады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жекеменшік емханадағы операциядан кейін сәби шетінеп кетті

"Бүгін комиссия тексеруге кірісті. Сағат екі кезінде тексеру тағайындалған болатын. Біз денсаулық сақтау министрлігінің аймақтың құрылымымыз. Әртүрлі тәуелсіз сарапшылардан комиссия құрамыз. Сол комиссияны тексеруге жібердік", — деді ол.

Sputnik Қазақстан "Достар Мед" жекеменшік емханасына хабарласып көріп еді, колл-центр берген нөмір бойынша басшылықпен байланысу мүмкін болмады. Емхана бөлімдерінің бірі хабарлағандай, тексеруге байланысты кабинет бос екен.

Естеріңізге сала кетсек, 27 наурызда шап жарығын алдыру операциясын жасағаннан кейін сәбидің жағдайы күрт нашарлап, бір айдай комада жатқан. Бала 24 сәуірде шетінеп кетті. Кішкентай Мирон бір айдан соң екіге толатын еді.

Жаңалықтар
0