Өңірлер

Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына жалдамалы баспана берілді

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қордан баспана алғанша тұрғындар әкімдік жалдаған пәтерлерде тұрады

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Петропавлда қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына жалдамалы баспана берілді, деп хабарлады қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Бауыржан Бейсембаев.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, қала әкімдігі баспана комиссиясының шұғыл кездесуін өткізген.

Тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қызылордада бес қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлады

"Апатты жағдайдағы баспананың иелері — екі отбасыға жалдамалы пәтер ұсынылды, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезегі келгенше сонда тұра алады", — деп хабарлады Бейсембаев.

Апаттық жағдайдағы үйде тұратын үшінші отбасында пәтердің тиісті құжаттары жоқ екен әрі баспана алу үшін кезекке тұрмаған, олар уақытша жатақханаға орналастырылды.

Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 21 сәуірде "Береке" шағын ауданында болған. Сағат үш кезінде Уральская, 4 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің қабырғасы құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0