Спорт

Төрт жасар қазақ баласы джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдегер болды

© Photo : предоставлено Айбатом АубакировымӘлнұр, әкесі Айбат және ағасы Алдияр
Әлнұр, әкесі Айбат және ағасы Алдияр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайсар балақай ақтық сында ғана қарсыласынан ұтылып, екінші орын иеленген

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Төрт жасар астаналық Әлнұр Әубәкіров Абу Даби қаласындағы джиу-джитсудан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады жас спортшының әкесі Айбат Әубәкіров.

Лиэль Махпирова - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Алты жасар алматылық қыз "Лучше всех!" көрермендерін тәнті етті

Айбат Әубәкіровтің сөзіне сүйенсек, балақай Абу-Дабидегі джиу-джитсуден әлем чемпионаты аясында өткен балалар фестиваліне қатысыпты.

"Биыл тамызда бес жасқа толады, екі ұлыммен Астанадағы Cicero costha джиу-джитсу мектебіне барып жүрміз. Бұл джиу-джитсуден өтетін ең ірі жарыс деуге болады. Чемпионатқа әртүрлі жастағы он мың адам қатысқан. Балалар да, категориялар да көп болды. 2013 жылы туған ұлым Әлнұр Әубәкіров 21 килограмм салмақ дәрежесінде жарысқа қатысты", — деп әңгімелейді спортшының әкесі.

Бұл жарты жыл бұрын бапкер Олжас Ыдырысовтың қарамағында джиу-джитсумен айналыса бастаған бүлдіршіннің өміріндегі алғашқы жарысы екен.

Жаңалықтар
0