Қоғам

Сағадиев ақылы білімнің бағасына қатысты: лимит бекітіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрлан Сағадиев
Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарына ақылы білімнің бағасын белгілеуге рұқсат етпек

АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жоғары оқу орындарына ақылы білім бағасын белгілеу құқығын беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев жалған сертификат үшін оқудан шығарылған студенттерге қатысты: бұл дұрыс

"Кейбіреулер жоғары білім ақысын тым жоғары, енді біреулері тым төмен деп санайды. Біздің ойымызша, жоғары оқу орындарына білім құнын белгілеуге мүмкіндік беру – өте дұрыс қадам. Лимит, әрине, бекітіледі, бірақ жанама әдіспен. Яғни, бір студентке шаққандағы аумақ көлемі, қажетті оқулықтарға кеткен шығын мөлшері, педагогтар саны, біліктілік талаптарына байланысты. Қазір бізде жоғары оқу орнына қойылатын талаптар бар, оны орындаған кезде экономикалық жағынан белгілі бір сомадан бәрібір төмен түспейсің. Жалпы, осы жаңашылдық арқасында сапасыз білім беретін оқу орындары, ең алдымен, мамандануға тырысады. Егер бұл да көмектеспесе, біз оларды жабамыз", — деген министр заң жобасында ең жоғары шекті баға көрсетілмегенін атап өтті. 

Айта кетсек, бүгін мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері жөніндегі заң жобасында жоғары білімнің бағасы гранттан арзан немесе қымбат болмауы керек деген норманы алып тастау ұсынылып отыр.

Жаңалықтар
0