АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әр салмақ дәрежесінде титульдық міндеттемелер жөніндегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
WBC мәліметінше, Головкин 5 мамырда Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекте титулдарын өз еркімен қорғағаннан кейін Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы реванш басқа күнге ауысатын болса, ұйым бұл кездесуді өткізуге қарсы емес.
GGG және "Канело" реваншының жеңімпазы титулды міндетті үміткерге қарсы жекпе-жекте қорғауы тиіс. Яғни қай жеңгені WBC әлем чемпионының "уақытша титулын" 21 сәуірде иеленген америкалық Джермалл Чарломен айқасады.