Қоғам

Сағадиев: төрт жыл бойы мамандықты қаржыланырудан бас тартамыз

© Photo : Официальный аккаунт Назарбаев Университета в FacebookНазарбаев Университетінің студенттері
Назарбаев Университетінің студенттері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде жоғары оқу орындарын қаржыландыру жүйесі өзгереді

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейтумен қатар, қаржыландыру қызметін күшейту көзделіп отыр. Бұл норма бүгін мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі әкімдікпен бірлесіп мұғалімдердің баспана мәселесін шешпек

"Біз академиялық және басқару дербестігі бойынша өзгеріс енгізумен қатар, қаржыландыру қызметін де күшейтуіміз қажет. Қаржыландыруды өзгерту бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыны дұрыс пайдалануға және материалдық-техникалық, әлеуметтік базамен қамтамсыз етуге жағдай жасауы тиіс. Осыған байланысты, біріншіден, төрт жыл бойы мамандықты қаржыланырудан бас тартып, программаны игеру мерзіміне тиісті кредиттік технология бойынша қаржыландыруға көшу. Осыған байланысты заң жобасында министрлікке кредиттік оқыту технологиясын ескеріп, жоғары оқу орындарын қаржыландырудың тәртібін бекіту және мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша жаңа құзырет қарастырылған", — деді бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кадрларды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты бекіту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін өзгерді. Осы ұсыныс экономиканың нақты секторын есепке алып, мемлекеттік тапсырысты тиімді бөлуге жағдай жасайды. 

Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нығматулин "түсініксіз" зерттеулерге миллиардтаған теңге сұраған білім министрін сынады

"Екіншіден, қаржылық саясатты регламенттеу аясында жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқу бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылады. Аталған өзгеріс азаматтарға, оның ішінде халықтың осал топтарына жататын адамдарға жоғары білім алуға қол жеткізуге жағдай жасайды. Аталған өзгерістер жоғары оқу орындарына көптеген еркіндік беріп, олардың басшыларының әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады", — деді министр.

Жаңалықтар
0