Өңірлер

Енді қазақстандықтар ауылдарға ұшақпен жетуі мүмкін

© Sputnik / Владимир Первенцев / Медиабанкке өтуҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбе облысы ауданаралық рейстер ашуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысы ішкі рейстерді кеңейту мақсатында ауылдарға ұшақпен жету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев мәлімдеді.

Ұшақ әуежайға қонып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Келесі жылы елімізде Еуропаға жаңа рейстер ашылады

"Біздің алдымызға Ақтөбе қаласының әуежайынан ұшатын авиамаршруттарды кеңейту тапсырмасы қойылды. Қазіргі таңда біз басқа қалалар мен елдерге жаңа рейстер ашу мен кеңейту бойынша барлық авиакомпаниямен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, біз ішкі рейстерді де дамытумен айналысудамыз. Ырғыз ауданындағы метеорит құлаған жерге барғысы келетіндер көп. Қазіргі таңда ол жерге халық жол таңдамайтын көліктермен келеді, өйткені, біз арнайы маршруттарды әлі анықтаған жоқпыз. Ырғыздағы әуежайға жөндеу жүргізілді", — деді Османғалиев. 

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс ішінде тағы бірнеше әуе бағыты қарастырылуда. Дегенмен, оның бәрі жолаушылар ағынына байланысты. Тұрғындардың ауылға ұшақпен жетуге деген қызығушылығы артқан сайын әуе тасымалдаушылар да тезірек табылмақ. 

"Шалқар қаласының бағытымен де жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол жердегі әуежайды жөндеу қажет. Сол сияқты, Байғанин бағыты туралы да мәселе бар. Ол үшін бізге 16 немесе 20 орындық және кез-келген топыраққа қона алатын шағын ұшақтары бар авиакомпаниялар керек. Әйтсе де, барлығы  жолаушылар ағынына байланысты. Егер жолаушылар болмаса, рейстер де әзірше болмайды. Көпшілігі көлікпен жүргенді артық көреді", — деді басқарма басшысы.

Жаңалықтар
0