АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Ақтөбе-Орынбор тас жолында бетон араластырғыш көліктен оқ жарақатын алған 52 жастағы жүргізушінің денесі табылды.
"19 сәуірде Ақтөбе-Орынбор автожолының 35-ші километрінде "КамАЗ" (бетон араластырғыш) көлігінде жүргізушінің мәйіті табылды. Ер адам 1966 жылы туған, оқ жарақатын алған", — деп хабарлайды Ақтөбе облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Облыс жолдарында патрульдік жұмыс күшейтіліп, ахуалды құқық қорғау органдары бақылап отыр", — дейді полицейлер.