Қоғам

Министр Қасымов жүргізуші куәлігінен сотсыз айыруға қатысты пікір білдірді

© SputnikЖүргізуші куәлігі
Жүргізуші куәлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында полицейлерге жүргізушілерді сот шешімінсіз куәлігінен айыру құқығын беру қарастырылған

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полицейлерге сот шешімінсіз жүргізуші куәлігінен айыруға рұқсат ету ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

жүргізуші куәлігі, архив - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді ауылдық ХҚО-да көлікті тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

"Азаматтардың құқығын шектейтін дүниелер, яғни куәліктен айыру, әкімшілік қамауға алу және тағы басқа, мұның бәрі тек сот тәртібінде шешілуі тиіс. Біздің позициямыз осындай", — деді министр үкімет кулуарында. 

Айта кетсек, жүргізуші куәлігінен айыру құқығын полицейлерге беру туралы ұсыныс қоғамда біраз шу туғызған болатын. Куәліктен айыру туралы істерді сот құзыретінен ішкі істер министрлігіне тапсыру "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында айтылған.

Жаңалықтар
0