Өңірлер

Евниев: жаңа бағдарламада мал шаруашылығына берілетін субсидиялар алынып тасталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиырлар
Сиырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министрдің айтуынша, мал сатып алуға енді субсидия берілмейді

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. 2018-2027 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасында тек құдықтардың құнын субсидиялау қарастырылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ферма, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мал шаруашылығы 500 мың ауыл тұрғынын жұмыспен қамтиды

"Бағдарламаның бір ерекшелігі тікелей мал шаруашылығына берілетін субсидиялар алынып тасталған. Бағдарлама тек құдықтардың құнын субсидиялауды көздейді. Ет өндірісі кооперация конвейері фермерлерді асыл тұқымды бұқалармен қамтамасыз ететін репродукторлардан, ірі қара мал өсірумен және бордақылау үшін бұқашықтар сатып алумен айналысатын фермерлерден, малды қарқынды бордақылаумен айналысатын алаңдардан, дайын өнім шығарумен айналысатын ет комбинаттарынан және өнімдерді диструбициялау орталықтарынан тұрады. Қой етін өндіру технологиясы ірі қара мал шаруашылығына ұқсас құрылымды қарастырады", — деді ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев үкімет отырысында.

Вице-министр  асыл тұқымды малдың генетикасын қолдана отырып, мал тұқымын жақсарту – осы бағдарламаның негізгі шарты екенін атап өтті.

Ферма - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында бруцеллезге шалдыққан мал саны артып барады

"Мал азығымен қамтамасыз ету үшін суармалы жерлер маңайына мал бордақылау алаңдарын шоғарландыру көзделеді. Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын салу шығындары (5 млн теңгеге дейін) әкімдіктер арқылы берілетін инвестициялық субсидиялар есебінен жабылады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры несиелендіру арқылы мобильді тұрғын-вагон, мал қоры, жылжымалы станок сатып алуға несие беріледі. Тұқымдық түрлендіру үшін асыл тұқымды бұқалар бордақылау алаңдарымен тегін негізде қамтамасыз етіледі. Аналық мал басын сатып алу өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша берілетін несие есебінен жүзеге асырылады. Азық дайындау үшін техника лизингке немесе "Қазагро" арқылы қарызға ұсынылады", — деді ол.

Жаңалықтар
0