Өңірлер

Ақмола облысында рөлге жармасқан қыз 3 адамды өлтіріп ала жаздады

© Sputnik / Табылды КадырбековБойжеткен
Бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас қыз Астанадан Көкшетауға бара жатқанда өз-өзіне қол салмақ болған. Абырой болғанда, қасындағы адамдардың бәрі аман қалды

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында өз-өзіне қол салмақ болған қыз көліктің рөліне жармасып, салдарынан ол жыраға аударылып түсті, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Әйел адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында күйеуімен ренжісіп қалған әйел өз-өзіне қол салмақ болды

Бурабай ауданында 20 сәуір күні Астана – Көкшетау тас жолында Kia Sorento минивэні аударылды.

"Алдыңғы орындықта отырған жолаушы көлік жүріп келе жатқанда рөлді өзіне бұрып, жібермей қойған, салдарынан минивэн жыраға аударылып түсті", — деп мәлімет берді ІІД.

Көлікте жүргізушіден бөлек, тағы үш жолаушы болған. Жол апаты салдарынан 70 жастағы әйел әртүрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

"24 жастағы Көкшетау тұрғыны полицияға жеткізіліп, жауап алу кезінде ол өз-өзіне қол салмақ болғанын айтты. Қазір бойжеткен ауруханада жатыр. Дәрігерлердің қорытындысына сүйенсек, психикалық жағдайы бір қалыпты", — делінген хабарламада.


Жаңалықтар
0