Саясат

Қазақстан Ауғанстандағы террористік актіге байланысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание МИД РК
Здание МИД РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан көптеген бейбіт тұрғынның өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. 2018 жылдың 21-22 сәуірінде Ауғанстанда болған террористік әрекеттерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. 

қазақстандық әскерилер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан мен Тәжікстан терроризм және діни экстремизммен күресті талқылады

"Қазақстан 2018 жылғы 21-22 сәуірде Ауғанстанда орын алып, әйелдер мен балаларды қоса алғанда, көптеген бейбіт азаматтардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды. Көптен-көп зардап шеккен ауған халқы осы жолы ДАИШ жүзінде халықаралық терроризм тарапынан жүзеге асырылған және сайлаудың алдындағы Ауғанстандағы ахуалды тұрақсыздандыруға мақсат еткен арсыз және қатал әрекеттерге тап болды. Халықаралық террористік ұйымдар содырлары тарапынан жүзеге асырылған осындай әрекеттерінің Қабыл тарапынан елдегі ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағыттаған бастамаларына кедергі келтірмейтініне кәміл сенеміз", — деп жазылған мәлімдемеде. 

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады. 

"дамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет.Қаза тапқандардың жанұялары мен жақындарына, Ауғанстанның халқы мен үкіметіне азалы көңіл білдіре отырып, жарақаттанғандардың тез арада сауығуын тілейміз", — делінген мәлімдемеде. 


Жаңалықтар
0