Спорт

"Баскесерлер" тартып алуға дайындалуда". Экс-чемпион Головкинді сақтандырды

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Чарло WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуін иеленіп, Головкиннің титулына міндетті үміткер атанды

АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Бірінші орта салмақтағы WBC тұжырымының бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мораның (29-5-2, 9 КО) пікірінше, көп ұзамай жас боксшылар Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) белбеуін тартып алуға күш салады, деп жазды Sports.kz. 

Джермалла Чарло - Sputnik Қазақстан
Спорт
Чарло отандасын нокаутқа түсіріп, Головкиннің белбеуіне үміткер болды – видео

Твиттерде жанкүйерлердің бірі Морадан Джермалл Чарлоның (27-0, 21 КО) Уго Сентеномен (26-2, 14 КО) жекпе-жегіндегі нокауты мен оның Головкинмен кездесу мүмкіндігіне қатысты пікірін сұрады. 

"Мен нокаут күттім, алайда осыншалық тез болады деп ойлаған жоқпын. Шынында да өте әсерлі көрініске куә болдық. [Чарло Головкинді жеңе ала ма?] Уақыт өткен сайын GGG қартайып барады. Әлгі жас "баскесерлер" тартып алуға дайындалып жатыр", — деп жауап берді Серхио.

Айта кетейік, Чарло орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионының "уақытша" белбеуін иеленіп, толыққанды титулға міндетті үміткер атанды, ал бұл белбеу қазіргі таңда қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) иелігінде.  


Жаңалықтар
0