АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында он бес жастағы қыз мерез дертіне шалдыққан. Бұл жайт Жітіқара қаласында тіркеліпті.
"Жасөспірім қыз дертке шалдыққан. Жасы он бесте. Диагнозы – мерез", — деп мәлімет берді әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Еркен Дәуітбаев "Алау" басылымына.
Облыс әкімдігі атап өткендей, өңірде ВИЧ-инфекциясы таралуы жиілеп кетті. Өткен жылы үш ай ішінде жиырма науқас тіркелсе, биыл жыл басынан бері — 57.