Қоғам

ІІМ тағы бір қаржы пирамидасын құрықтады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаржы пирамидасы елімізде 2017 жылы алты айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, салымшыларға үлкен олжа әкелуге уәде берген

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Қазақстан ІІМ тергеу департаменті "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендерді іздеп жатыр.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетау тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалды

ІІМ "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Сотқа дейінгі тергеулер барысында анықталғандай, қаржы пирамидасы 2017 жылдың наурыз айынан бастап қарашаға дейін республиканың бүкіл аумағында қызмет етіп, тез арада үлкен олжаға кенелтуге уәде берген. Қазір куәгерлер мен қаржы пирамидасы қызметі салдарынан зардап шеккен жәбірленушілер іздестіріліп жатыр", — деп хабарлады тергеу комитеті.

Аталған қаржы пирамидасы қызметінен шығынға ұшыраған тұлғалар ІІМ тергеу департаментіне хабарласа алады: 8 (7172) 71-43-35, 8-702-348-26-19.

Жаңалықтар
0