Әлем

АҚШ-тың екі қаласын қаңбақ "басып алды" – видео

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАҚШ туының архивтегі фотосы
АҚШ туының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дала өсімдігінің үйілгені соншалық, биіктігі екі метрге жеткен

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Викторвилл қаласы мен Юта штатының Вест-Жордан қаласын қаңбақ "басып алған", деп жазды centralasian.org.

 The Washington Post басылымының жазуынша, ондаған үйлердің алды қаңбаққа толы. 

Қаңбақты қатты жел жазық даладан алып келген. Желдің жылдамдығы  сағатына 110 шақырым болған. Дала өсімдігінің үйілгені соншалық, биіктігі екі метрге жеткен. Тұрғындар үйлерінен әрең шыққан.

Жергілікті билік көше тазалауға көшкен. Олар қаңбақ үлкен өртке әкеледі ме деп қауіптенеді.


Жаңалықтар
0