АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық науқас әйелді Таиландтан елге жеткізеді.
Екі апта бұрын 56 жастағы әйел Паттайяда демалып жүріп, инсультпен ауруханаға түскен.
"Қазақстан азаматын елге жеткізу 2018 жылдың 25-27 сәуіріне жоспарланған. Қазақстан азаматы стационарлық емді Астананың медициналық мекемесінен алатын болады", — делінген денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Елордаға әйел адамды санитарлық авиациямен жеткізеді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.