Қоғам

Бас прокуратура: Жәкішевті екі аптада бір дәрігер тексеріп тұрады

CC0 / valelopardo / Дәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ҚазАтомПром" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2010 жылы сотталды

АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Осыдан сегіз жыл бұрын сотталған Мұхтар Жәкішев туысқандарымен тұрақты түрде кездесіп тұрады. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Талғат Ермегияев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокуратура Ермегияевтің VIP-камерада отырғанына қатысты түсініктеме берді

Журналистер Қарағанды облысының Долинка кентінде жазасын өтеп жатқан Мұхтар Жәкішевпен туыстары кездесе алмай жүргенін айтты. Тіпті Еуропадан келген делегаттар да сотталушыны көре алмаған. 

"Жәкішевпен туысқандары үнемі кездесіп тұрады. Оған қатысты ешқандай проблема жоқ. Ол созылмалы аурумен ауырады, сондықтан ағайындары оны қарататын жеке клиникалар іздестіріп жатыр. Екі аптада бір рет дәрігер денсаулығын тексереді. Туысқандары тапқан клиниканың дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек тізімі бар. Қазір оны ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ", — деді Жақыпбаев. 

Ол сотталушыға шетел азаматтарымен кездесуге рұқсат беру-бермеу мәселесін ҚАЖ комитеті анықтайтынын атап өтті. 

"Сотталушымен кездесе алатын аламдардың тізімі жасалады. Басымдық, ең алдымен, оның туысқандарына беріледі. Сотталушының өзін-өзі ұстауы, өтеп жатқан жазасына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесу түрлері бар. Басқа тұлғалармен кездесу, егер бұл қажет болса, ҚАЖК өзі анықтайды", — деді ол. 

Еске салып өтсек, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекеттік үлесті сатқаны үшін ұсталған болатын. 2010 жылдың наурызында "ҚазАтомПром" АҚ экс-басшысы айыпты деп танылып, 14 жылға сотталды. Қазір ол Қарағанды облысындағы Долинка ауылында жазасын өтеп жатыр. 2017 жылдың қарашасында Жәкішевтің анасы ұлының денсаулығына байланысты президентке қолдаухат жазып, рақымшылық жасауды сұраған.

Жаңалықтар
0