Қоғам

Назарбаев Қарулы күштерде кадрлық ауыс-түйіс жасады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайдар Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қарулы күштерінде кадрлық ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Астана әкімдігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

"Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Қайдар Сәмиғұлұлы Қарақұлов Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Дулат Темірғалиұлы Адырбеков "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;

Асқар Ахметұлы Жоламанов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы қызметіне;

Сәкен Мансұрұлы Бекжанов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Талғат Донақов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Талғат Донақов жаңа қызметке тағайындалды

Басқа жұмысқа ауысуларына байланысты Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен, Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы – Құрлық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметінен, Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.


Жаңалықтар
0