Әлем

Имамдар мемлекеттен тегін баспана алады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуБаспана
Баспана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оған қоса өзбек имамдарына қайырымдылық қоры есебінен айлық төленбек

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының баспанаға зәру имамдары мен қызметкерлеріне жаңа үлгімен салынған үйлер тегін беріледі, деп жазды centralasian.org. 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
"Жаңсақ пікір". Бас мүфти сақал мен балаққа тыйым салуға қатысты не ойлайтынын айтты

Президент Шавкат Мирзияев 16 сәуірде "Діни-ағарту қызметін түбегейлі жетілдіру жөніндегі шаралар" қаулысына қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Мұсылмандар діни басқармасында "Вакф" қайырымдылық қоғамдық қоры құрылады. Соның есебінен басқарма қызметкерлері мен имамдарға айлық төленеді.

Бұған қоса, жұмысын жақсы атқарған және баспанаға зәру имамдар мемлекеттен жаңа үлгімен салынған үйлерді тегін алады.


Жаңалықтар
0