Өңірлер

Ауа райы болжамы: күн 28 градусқа дейін жылынады

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
19-21 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақстанға жылжып келе жатқан антициклонға байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы көтерілуі мүмкін. 

"21 сәуірге қарай оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температура 18-23, қиыр оңтүстікте 25-28, шығыста және орталықта 13-21 градусқа дейін көтеріліп, солтүстікте 10-18 градусқа дейін жылынады", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Тек республиканың батыс облыстарында кезекті суық фронттың өтуіне байланысты жаңбыр және қар аралас жауын жауып, температура төмендейді. Дегенмен, алдағы үш күнде елдің батысында температура орта көпжылдық мәнге жуық болады.


Жаңалықтар
0