Өңірлер

Алматыда 11 әуе рейсі кешіктірілді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда техникалық себептерден ұшақтың алмастырылуына байланысты бірқатар рейс уақытында орындалмады

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. 17-18 сәуірде 11 әуе рейсі кешіктіріліп, біреуі кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайы.

Air Astana әуе компаниясының он рейсі кешіктірілген.

KC929 Алматы-Гонконг, КС301 Алматы-Өскемен, КС251 Алматы-Тегеран, КС127 Алматы-Ташкент, КС991 Алматы-Астана, КС985 Алматы-Қызылорда рейстері — техникалық себептерден ұшақтың алмастырылуына байланысты.

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: бір адам қаза тапқан

КС911 Алматы-Стамбул рейсі транзиттік жолаушыларды күтуге мәжбүр болды.

КС953 Алматы-Астана және КС311 Алматы-Қарағанды рейстерінің кешігуіне резервтегі ұшақтардың жетіспеушілігі себеп болған.

КС991 Алматы-Астана және КС149 Алматы-Қазан рейстері ұшақтың кешігуіне байланысты уақытылы аттандырылмады. 

Scat әуе компаниясының DV781 Алматы-Қарағанды рейсі жоспардан тыс техникалық қызмет көрсетуге байланысты кешіктірілді.

Бұдан бөлек, RQ911/912 Кабул-Алматы-Кабул рейсі кейінге қалдырылды.

Жаңалықтар
0