АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Қостанай облысында ұйықтап кетіп, абайсызда сәбиін өлтіріп алған әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
"Сарыкөл ауданының 28 жастағы тұрғыны 5 айлық сәбиін емізіп жатып ұйықтап кеткен. Полиция оның ішіп алғанын анықтады. Таңертең оянған әйел нәрестесінің шетінеп кеткенін көреді. Баланың анасы ұсталды", — деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Бұл оқиға 5 сәуірде болған. Аталған факті бойынша "Абайсызда адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.