Өңірлер

Түркістанда жас келіншекті өлтірген таксист оқиғаның қалай болғанын баяндады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушының архивтегі фотосы
Сотталушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Түркістанда 24 жастағы келіншекті айуандықпен өлтірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Такси, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістанда ата-анасының айлығын алған бойжеткенді "таксист" қинап өлтірген

Күдіктінің өзі бірінші сот процесінде-ақ кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. 

Жәбірленуші тарап зорлықпен өлтірген күдіктіге қатаң жаза беруді талап етті. Жас жігіт жасаған қанды қылмысын біртіндеп баяндап бергенде, марқұм келіншектің анасы көз жасын тыя алмады. 

Еске салайық, қаңтар айында Түркістан қаласында 24 жастағы келіншекті такси жүргізуші айуандықпен өлтірді деген ақпарат бүкіл елді дүр сілкіндірген еді. Зорлықпен қаза тапқан азаматшаның денесі екі аптадан кейін ауылдың шетіндегі қамыстың ішінен табылған. Алғашқыда марқұм келіншектің ұялы телефоны күдіктінің өзінен табылса да кінәсін мойындамаған болатын.


Жаңалықтар
0