АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Ярославль муниципалитетінің депутаты Дмитрий Петровский америкалық санкцияларға жауап ретінде өзінің iPad-ын таптап тастады.
Facebook парақшасында жариялаған видеода ол iPad-тың үстіне шығып, аяғымен таптап жатыр.
"Елімізде америкалық тауарларға тыйым салмақшы – біз, депутаттар, үлгі болуға тиіспіз", — дейді Петровский әлеуметтік желі қолданушыларына.
Оның айтуынша, енді Қытай өндірген телефон мен планшетті пайдаланады.
Әлеуметтік желі қолданушылары оған америкалық Facebook желісінен де шығып кетуге кеңес берді.