АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. "Қазгидромет" РМК республиканың бес облысы мен Алматы қаласында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, 16-17 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында қатты жауын-шашынға байланысты су тасып, беткейлік ағын жүруі мүмкін.
"Сонымен қатар, 15-17 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі, найзағай ойнайды. Ал 15-16 сәуір күндіз кей аймақтарда бұршақ жауады деп болжануда", — делінген хабарламада.