Оқиға

Ақмола облысында жұмысшылар мінген автобус өртеніп кетті

© Sputnik / Алексей Фурман / Медиабанкке өтуЖанып жатқан автобус
Жанып жатқан автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт қысқаша тұйықталу салдарынан шыққан болуы мүмкін, автобуста 26 адам болған

АСТАНА, 14 cәуір — Sputnik. Ақмола облысында жұмысшылар мінген автобус өртеніп кетті, адамдар зардап шеккен жоқ, деп хабарлады ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Астана қаласының прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
52 өзбек өртеніп кеткен автобустың иесі қашып жүр: кім жауап береді?

Оқиға 13 сәуірде Көкшетауға кірер жолда 23:00  кезінде болған. "Көкше-Цемент" АҚ автобусы жұмысшылармен Біржан Сал ауданы Заозерный ауылынан келе жатқан. Автобуста 25 жолаушы мен бір жүргізуші болыпты.

Жол-патурльдік полиция қызметкерлері жолаушыларды бірден эвакуациялап, құтқару қызметіне хабар берді.

"Атқарылған шаралар нәтижесінде өрт ауыздықталып, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бастапқы мәлімет бойынша, өртке электр сымының қысқаша тұйықталуы себеп болған. Тексеру жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ІІД.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы пайда болды. Полиция жазбада Ақмола облысындағы автобус өрті түсірілгенін растады.

Жаңалықтар
0