Спорт

Шетелдік БАҚ Шәрібаевтың жеңілісі туралы: қазақтың бәрі – Головкин емес

CC0 / / Бокс рингі
Бокс рингі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Golden Boy компаниясының бокс кеші аясында қазақстандық Айдар Шәрібаев америкалық Эндрю Кансиодан жеңіліп қалған болатын

АСТАНА, 13 сәуір – Sputnik. Fan del Box твиттері қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаевтың (7-1, 6 КО) америкалық Эндрю Кансиодан (18-4-2, 14 КО) жеңіліп қалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz.  

Бокс қолғабы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Айдар Шәрібаев қалай жеңіліс тапты немесе жекпе-жектің видеосы

"Қазақтың бәрі – Головкин емес. Бұл кеште Шәрібаев 10-шы раундта нокаутқа түсіп, жеңілмеген боксшы деген аттан айырылды. Кансио панчерді ұтып, қайтып оралды!", — деп жазды Fan del Box. 

Айта кетейік, бүгін АҚШ-тың Индио қаласында Golden Boy компаниясының бокс кеші аясында қазақстандық Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Кансио арасында титулды жекпе-жек өтті.

Үшінші раундта Кансио біздің боксшыны нокдаунға жіберді, Шәрібаев бесінші раундта тағы да нокдаун алды.  

Соңғы оныншы раундта қазақстандықтың командасы рингке орамал лақтырды. Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі, ол бұған дейін жеті рет жеңіске жеткен (алтауында – мерзімінен бұрын). Ал Кансио 18-ші жекпе-жегін жеңіп алды (14-ін мерзімінен бұрын), төрт рет жеңіліп, екі рет тең түскен.    


Жаңалықтар
0