Өңірлер

Атбасарда әйел адамды қағып өлтірген жүргізушінің ісін прокуратура бақылауға алды

© Photo : Rico_LoebЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші бұдан бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Ақмола облысы прокуратурасы Атбасарда әйел адамды қағып өлтірген жүргізушінің ісін бақылауға алды.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайда жүргізуші әжейді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Toyota Land Cruiser көлігі 8 сәуір күні түнде Атбасарда ерлі-зайыптыларды қағып кеткен. Салдарынан әйел адам оқиға орнында жан тапсырып, ал күйеуі әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсіпті. Жүргізуші көлік апаты орнынан қашып кетіп, үш күннен соң ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін Атбасар ауданы прокуратурасының қаулысымен босатылды.

Облыстық прокуратура қылмыстық істің материалын зерттеуге кіріскен.  

Анықталғандай, күдікті бес баланы асырап отыруы мен айыбының аса ауыр қылмыс түріне жатпайтынына байланысты босатылыпты. 

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам бұрын да осындай қылмыс үшін жауапқа тартылған. Сонымен бірге бірнеше рет жол жүру ережесін бұзған.

"Осы жайттарды ескере отырып 12 сәуірде бұлтартпау шарасы ретінде "екі айға қамауға алу" таңдалды. Әрі қарай тергеу ісін облыс прокуроры бақылауға алады", — делінген хабарламада.  


Жаңалықтар
0