АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Қостанайда бейсенбі күні кешкісін аяқ астынан боран соғып, қаланы қар басып қалды, ауа температурасы —5 градусқа дейін төмендеген.
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары күтпеген жерден қайта түскен қыстың суреттерін жариялап жатыр.
Бұдан бұрын "Қазгидромет" РМК дабылды ескерту жариялаған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, 14-15 сәуірде Қостанай облысында күннің күрт жылып, қар еруіне байланысты өзендер арнасынан асып, су басу қаупі төніп тұрған еді.