Қоғам

Мұхтар Шаханов: тіпті 2-3 ай пәтерақымды төлей алмай қалдым

© Photo : azh.kz / Айнур СапароваМұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақын "Жалын" журналындағы жалақысы жалғыз табыс көзі болғанын, алайда жақында одан да қағылғанын айтқан

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Youtube-тегі Talk like жобасына берген сұхбатында өмірі мен шығармашылығынан бөлек, өзінің табысына қатысты да сұрақтарға жауап берді.  

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде бүгіннен бастап ең төменгі жалақы көлемі артады

"Мен таза күйімде келе жатырмын. Өткенде тіпті 2-3 ай пәтерақымды төлей алмай қалдым. Өйткені айлықпен ғана күн көремін. Оның үстіне әпкем ауырып жатыр. Олар да менің мойнымда. Жарты ақшамды соларға беремін", — дейді ақын.

Мұхтар Шаханов бүгінде "Жалын" журналындағы жалақысы жалғыз табыс көзі екенін, алайда жақында одан да қағылып қалғанын атап өткен. 

"Жалақым 150 мың теңге, ұстап-ұстап оның 130 мыңын береді. Бірақ бірнеше ай болды оны да алмай жүрмін. Біздің журналдың өзін біреу сатып алып қойған екен. Елімізде сатылмайтын ештеңе қалмау керек қой. Қазір қайтарып алуға күш жұмсап жатырмын", — деп толықтырды қоғам қайраткері.

Журналистің "Аға, қиналып жүрсіз ғой, мынау дәрі-дәрмегіңізге деп көмектесетін азаматтар жоқ па?" деген сұрағына былай деп жауап берді: 

"Өзің білесің ғой, бізде үлкен кәсіпкерлер бар. Олар біз сияқты адамдарға жәрдем берсе, "ұят" болады. Кейбіреулер мұның қалай деуі мүмкін ғой".   


Жаңалықтар
0