Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев күндіз-түні нені ойлайтынын айтты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіНұрсұлтан Назарбаев "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесеріне қатысты
Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесеріне қатысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент бүгін шет тілінен қазақшаға аударылған жаңа оқулықтардың тұсаукесерінде бірқатар маңызды мәселе төңірегінде ой толғады

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде еліміз әлемдік көштен қалып қоймауы үшін не істеу қажеттігін көп ойлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанның туы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Біз қазақпыз!" Назарбаев демократиясын тықпалаған батысқа не деп жауап беретінін айтты

"Зымырап уақыт өтіп  жатыр. Дүние сағат, күн, жыл сайын өзгеруде. Жаңалықтар көбейіп бара жатыр. Қалай соның соңында жүрмей, қатарына түсеміз? Міне, менің ойым күндіз-түні осы. Ол оңай емес", — деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысы еліміздің шикізатқа тәуелді болып қалғанын айта келе, одан шығудың жолы қандай екенін көрсетті.  

"Біз колонияда болдық қой, шынын айтқанда. Империя әр уақытта өзгелерді қара жұмысқа салып қойып, өздері басқасын ала беретін. Біз солай үйренген халықпыз. Темір, мұнай, газ, көмір бар жерімізде, соған сеніп өсіп келе жатырмыз. Ал енді басқа экономиканы, индустрияландыру мен инновацияны құру үшін не істеу керек? Қаражаты болмайтын ел оны жасай алмайды. Артық ақшасы бар ел ғана индустрияландыру, инновациямен айналыса алады. Біз осы деңгейге жеттік. Алты жыл бойы индустрияландырумен айналысып жатырмыз. Шикізатқа тәуелсіз баламалы экономика құру үшін істеп жатырмыз. Бізге басқа экономика керек", — деді президент. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: жаңа әліпбимен Абайдың қара сөздерін күнде жазамын

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесеріне қатысты. Президент "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында әлемдегі ең үздік жүз кітапты қазақ тіліне аударуды тапсырған еді. 

Бүгінде алғашқы 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шығып отыр. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.

Оқулықтардың әрқайсысы 10 мың данамен басылып, алдағы бір айда жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін таратылмақ.




Жаңалықтар
0