Қоғам

Назарбаев Қазақстанның Франциядағы елшісін жаңа қызметке тағайындады

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақорданың баспасөз қызметі президент кадрлық ауыс-түйіс жасағанын хабарлады

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Франциядағы елшісін жаңа қызметке тағайындады.  

Портфель - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданы әкімі тағайындалды

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Монако Князьдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", — деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада

Жан Ғалиев 1972 жылы 4 желтоқсанда Алматыда туған. Әр жылдары елшіліктің хатшысы, кеңесші-елші, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметтерін атқарған.  

2017 жылдың 31 қазанынан бастап президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.  


Жаңалықтар
0