Әлем

"Джип" жол шетінде келе жатқан зейнеткерді үш рет басып кетті – видео

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем, архивтегі фото
Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
78 жастағы әйелдің омыртқасы сынған, қазір ауруханада жатыр

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Ресейде Якутск қаласының түбінде көлік жүргізушісі 78 жастағы зейнеткерді үш рет басып кетті. Салдарынан қарт әйелдің омыртқасы сынған. 

РИА Новости агенттігінің жазуынша, артқа шегінген "джиптің" зейнеткерді үш рет басып кеткені бақылау камерасына түсіп қалған. Видео интернетте кеше тарады. Қарт әйелдің көлік астында қалғанына қарамастан, жүргізуші бұрылып, кетіп қалыпты. 

Алматыда қарт кісіні көлік басып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда қарт кісіні көлік басып кетті

"11 сәуір күні Намский ауданы (Якутск маңы) мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігінің инспекциясы бөліміне жергілікті ауруханадан хабар түсті. 78 жастағы әйел дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Айтуынша, жол шетінде келе жатқанда, оны көлік басып кеткен. Ал жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырыпты", — делінген хабарламада. 

Жарақат алған қария ауруханада жатыр, әйелдің омыртқасы сынған. 

Мемлекеттік инспекция хабарлағандай, видео бейнебақылау камерасынан алынды. Инспекторлар Toyota Harrier көлігінің 68 жастағы жүргізушісін ұстады. Оқиға кезінде ер адам сау болғаны анықталды. 

Жүргізуші көлігін артқа шегіндірерде, әйелді байқамай қалғанын айтты. 

"Іс материалдары тергеу органдарына жіберілді. Әйелдің алған жарақатының ауырлығы бағаланғаннан кейін қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады", — деп мәлімдеді инспекторлар. 

Жаңалықтар
0