Әлем

Динозаврлардың қаңқасы 3 миллион еуроға сатылды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуҚаңқа
Қаңқа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ежелгі жануарлардың қаңқасын аукционда белгісіз бір коллекционер сатып алған

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Парижде Drouot аукцион үйінде екі динозаврдың қаңқасы 1,443 және 1,408 миллион еуроға сатылды. 

Динозавр қаңқасының биіктігі үш метр, ұзындығы – 12 метр. Аукционды ұйымдастырушылар оны 450-550 мың еуроға сатпақшы болған.

Ал екінші динозавр – аллозавр – бір дегенде 1,408 миллион еуроға сатылып кетті. Сатып алушының кім екені хабарланған жоқ, деп жазады РИА Новости

Екі қаңқаның жасы шамамен 145 миллион жылдан астам. 

Басылымның хабарлауынша, екі динозаврды да бір шетелдік коллекционер сатып алыпты.

Жаңалықтар
0